Құрметті музей ісінің мамандары

conference

Құрметті музей ісінің мамандары!18 мамыр – бүкіләлемдік қауымдастық үшін ерекше күн. Бұл күні Халықаралық музейлер мерекесі атап өтіледі.Музейлер мәдени, тарихи және көркем мұраны сақтайды. Музейлер әрбір адам баласы үшін демалыс және өзін-өзі жетілдіру орны. Музейлерсіз қоғамның интеллектуалдық, мәдени, білім беру деңгейін көтеру мүмкін емес. Яғни, музейлер өз елінің және әлемдік өркениеттің мәдени және рухани мұрасын сүюге және түсінуге үйретеді.Халықаралық көрмелік жобалар қазақстандық көрермендерге шетелдік музейлердің түрлі маңызды көрмелерімен танысуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, Мемлекеттік Эрмитаж, Третьяков Галереясы, Францияның Ұлттық музейлерінің бірлестігі – Гранд Пале, Лондонның Виктория және Альберт музейі, Шэнси провинциясының тарихи музейі (Сиян қ.), Ислам мәдениеті музейі (Каир қ., Египет), іске асырған халықаралық жобалар аясында түрлі көркем және шығармашылық шаралар ұсынылды.Музейлер сонымен қатар Қазақстанның мәдениетін шетелге таныстырып келеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп келе жатқан ең жарқын жобалардың бірі «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» соның айғағы. Үш жыл ішінде «Алтын адам» әлемнің 26 елінің ұлттық музейлерінде көрсетілді.Короновирус пандемиясына байланысты музейлердің онлайн режимде ұсынған белсенді жұмысын да ерекше атап өту керек. Осы күндері музейлер келушілер үшін виртуалды кеңістікте қолжетімді болды. Соның арқасында биыл Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі ТМД елдері ішінде виртуалдық музейлердің үздік бестігіне енді.Сонымен қатар, биыл Қазақстанның музей ісіндегі теңдессіз флагмандардың бірі – Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің ұжымы 85 жылдық мерейтойын атап өтеді!Осы орайда барлық музейлердің кәсіби және шығармашылық белсенді командасына ерекше алғыс айтамын және жұмыстарына табыс тілеймін!Отандық музейлердің ұжымдары мен өнер сүйер қауымды халықаралық музей күнімен құттықтай отырып, барлығыңызды осы мерекені бірге тамашалауға шақырамын.Уважаемые работники музейного дела!18 мая – особенная дата для всего мирового сообщества. В этот день празднуется Международный день музеев.Именно музеи сохраняют культурное, историческое и художественное наследие. Музеи являются местом отдыха и самосовершенствования. Без музеев невозможно повысить интеллектуальный, культурный, образовательный уровень общества. Именно музеи учат любить и понимать культурное и духовное наследие своей страны и мировой цивилизации.Благодаря международным выставочным проектам у казахстанского зрителя появилась возможность познакомиться с шедеврами мирового искусства из собраний ведущих музеев мира. Такие как, Государственного Эрмитажа, Третьяковской Галереи, из Объединении Национальных музеев Франции – Гранд Пале, лондонского Музея Виктории и Альберта, Исторический музей провинции Шэнси (г.Сиян), Музей Исламского искусства (г. Каир, Египет), где были осуществлены и музейные проекты, и множество других ярких художественных и творческих событий.Музеи также активно продвигают искусство Казахстана за рубежом. В течение трех лет в рамках программы «Рухани жаңғыру» музеи достойно представили казахстанское искусство всему миру. Одним из ярчайших проектов стало «Шествие Золотого человека по музеям мира». За трехлетний период «Золотой человек» был представлен в национальных музеях 26 странах мира.Нужно особо отметить активную работу музеев в режиме онлайн в этот не легкий для страны период. Музеи оставались доступными для посетителей в виртуальном пространстве. Благодаря этому, в текущем году Национальный музей Республики Казахстан в Нур-Султане и Центральный Государственный музей Республики Казахстан в городе Алматы вошли в пятерку лучших виртуальных музеев СНГ.Кроме того, коллектив Государственного музея искусств РК им. А. Кастеева, который бесспорно является одним из флагманов музейного движения в Казахстане, в текущем году отмечаетсвой 85-летний юбилей!Благодарю профессиональную и творчески активную команду всех музеев и желаю дальнейших успехов и процветания!Министерство культуры и спорта Республики Казахстан готово содействовать в реализации творческих проектов казахстанских музеев.Поздравляю коллективы музеев и ценителей искусства с международным днем музеев и приглашаем провести этот праздник вместе.Актоты Рахметоллаевнаминистр культуры и спорта РК